Жаңалықтар

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

11 шаһарда қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алады деп күтілуде
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: baribar.kz 01.02.2023 08:26 1066

1 ақпанда еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алуы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға