Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

 ©El.kz
Фото: ©El.kz

28 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Оқи отырыңыз