Жаңалықтар

Бүгін белгілі боксшысы Санжар Тәшкенбайдың тойы өтеді

Бүгін белгілі боксшысы Санжар Тәшкенбайдың тойы өтеді
Фото: instagram.com/tashkenbay_sanzhar 16.07.2023 10:46 629

Мамыр айында Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың айтуынша, Санжар Тәшкенбайдың құдалығы, басқа да жөн-жоралғысы бұған дейін өтіп кеткен. Енді оның көптен күткен тойы бүгін өтпек. 

48 келіде ұттық құраманың белді мүшесі Санжар Тәшкенбай 2022 жылы ересектер арасында Азия чемпионы атанған. Ол бұдан бөлек 2 жыл бұрын жастар арасында әлем және Азия чемпионатында үздік шығып, алтыннан алқа тағынды. 

Таяуда Астанада өткен "Елорда" кубогында боксшысы жарыстан тыс қалды. Оның себебін, жаттықтырушылар боксшының үйленуі тойымен байланыстырған болатын. Айта кететін бір жайт, Санжар Тәшкенбай 51 келіге ауысып, Олимпиадаға қатысуды көздейтінін айтқан еді. Алайда, бұл салмақта бокстан Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов бар. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға