Жаңалықтар

Бүгін Астана мен Алматыда ауа ластанады

Бүгін Астана мен Алматыда ауа ластанады
Фото: © El.kz 13.07.2023 07:18 1012

Бүгін Астана мен Алматыда ауа ластануы ықтимал, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 13 шілдеде Алматы қаласында, түнде Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға