Жаңалықтар

Бүгін Ақтауда асық атудан ҚР чемпионаты басталды

Бүгін Ақтауда асық атудан ҚР чемпионаты басталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.03.2024 09:45 343

Ақтауда наурыз айының 23-30 аралығында ұлттық спорт түрлері   — «Асық ату» мен «Бес асықтан» алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Асық ату» және «Бес асық» ойындарына 2008-2010, 2011-2013 жылдары туған жасөспірімдер қатысады. Өңірде  алғаш рет өткелі отырған бұл чемпионат ұлттық спорт - Асық ату және Бес асыққа деген қызығушылықты арттырып, ауыл аудан, қалаларда ұлттық спорт түрін дамыту, бабалардан мирас болған құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш додаға республикамыздың 18 өңірінен 288 спортшы  қатысып  бақ сынамақ.

Айта өтейік, Ш.Есенов университетінің спорт залында 24 наурыз негізгі ойын басталып, ресми чемпионаттың ашылу салтанатты жиыны бүгін өтеді. ⁠

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға