Жаңалықтар

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Мегаполисте жайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде
Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: www.baq.kz 21.02.2023 08:28 579

Бүгін, 21 ақпанда Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер еліміздің бір қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы себепті ауа ластанады деп болжады.

2023 жылғы 21 ақпанда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Республиканың басқа қалаларнда ауа сапасы нормадан аспайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.ф

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға