Бүгін Алматыда ауа ластанады

 ©El.kz/Александр ПАВСКИЙ
Фото: ©El.kz/Александр ПАВСКИЙ

Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

22 қазанда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Оқи отырыңыз