Жаңалықтар

Бүгін әлем чемпионатының финалында қазақстандық үш боксшы сынға түседі

Бүгін әлем чемпионатының финалында қазақстандық үш боксшы сынға түседі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 14.05.2023 09:43 916

Бокстан бүгін Ташкентте аяқталатын әлем чемпионатында қазақстандық үш боксшы финалда жұдырықтасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

54 келіде Махмұд Сабырхан шаршы алаң иесі өзбек Ойбек Жураевпен өзара мықты анықтайды. Өткен әлем чемпионатында отандасымыз өз салмағында финалға шыққанын ескерсек, бұл сында басты фаворитке баланып отыр. 

Ал 71 келіде ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те өзбекстандық Саиджамшид Жафаровқа қарсы айқасқа түседі. Бұған дейін тараздық боксшысы әлем чемпионатында жүлдесіз қалған болатын. Бұл жолы ол сенімді ақтап, чемпион атанады деген сенім мол. 

80 келіде Нұрбек Оралбай финалда Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Таңатқан Тоқтарбекпен шеберлік байқасады. Бұл финал бокс тарихындағы екі қазақ спортшысының кездесуімен ерекшеленбек. 

Сонымен қатар, кеше 48 келіде шаршы алаңға көтерілген Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, 67 келіде Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды. 

 
 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға