Жаңалықтар

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер ауа сапасына болжам жасады
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: egemen.kz 15.01.2023 07:05 1013

15 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Алматы және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға