Жаңалықтар

Бүгін 4 өңірде күн қатты ыстық болады

Бүгін 4 өңірде күн қатты ыстық болады
Фото: © El.kz 20.07.2023 07:14 650

Синоптиктер ел аумағында 20 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазды ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға