Жаңалықтар

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 04.10.2023 06:30 527

 4 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, сәрсенбі күні Ақтөбе, Алматы және Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға