Жаңалықтар

Бұдан былай қандас мәртебесін алуға өтінішті ХҚКО қабылдамайды

Бұдан былай қандас мәртебесін алуға өтінішті ХҚКО қабылдамайды
Фото: ©El.kz 01.10.2023 21:47 479

1 қазаннан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары қандас мәртебесін беру бойынша өтініштерді қабылдамайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ендігі кезекте этникалық қазақтар қандас мәртебесін "Құтты мекен" ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы немесе Қазақстанның шет елдердегі мекемелері арқылы алады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:

өтініш;

еркін нысандағы өмірбаян;

өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және нотариалды куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы;

жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар болуы керек.

Өтінішті жергілікті әкімдіктер жанындағы арнайы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия келесі шарттарды ескере отырып қандас мәртебесін беру немесе бас тарту туралы ұсыным шығарады:

ҚР үкіметімен белгіленген өңірлерге қоныстандыру үшін;

Демографиялық дамуға қажеттілігі бар ауылдық елді мекендерге, аудандық және облыстық қалаларға қоныстандыру үшін;

Өтініш берушінің Қазақстандағы отбасымен немесе жақын туыстарымен қауышуы үшін;

Жұмыс берушілердің шақыруы бойынша.

Қандас мәртебесін 35 жұмыс күні ішінде қарастырады. Қандас мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін ХҚКО немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш беру керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға