Жаңалықтар

Бублик Франциядағы турнирдің финалына шықты

Ертең ол Италия өкілі Лоренцо Сонегомен кездеседі.
Бублик Франциядағы турнирдің финалына шықты
Фото: prosports.kz 25.09.2022 00:15 1091

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мец қаласында (Франция) өтіп жатқан ATP 250 Moselle Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Бублик швейцариялық теннисші Стэн Вавринкамен кездесті, бірінші сетте отандасымыз 2:1 есебімен жеңіп тұрған сәтте қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Александр Бублик турнирдің финалына шықты. Ертең ол Италия өкілі Лоренцо Сонегомен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға