Жаңалықтар

Бразилия Сербиямен ойында ойсырата ұтты

Осылайша, бразилиялықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті
Бразилия Сербиямен ойында ойсырата ұтты
Фото: inform.kz 25.11.2022 03:17 1427

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатынд Бразилия мен Сербия ойыны ең тартысты матчтардың бірі болды, деп хабарлайды El.kz.

Бұл додада Бразилия 2:0 есебімен көш бастады. Ришарлисон 62-ші және 73-ші минуттарда қос голдың иегері атанды.

Айта кетерлігі, Бразилия және Сербия құрамасымен қатар, G тобында Швейцария мен Камерун бақ сынасады.

Бұған дейін Н тобында Оңтүстік Корея мен Уругвай футболшылары антирекорд орнатты.

Сондай-ақ  Португалия құрамасы Гананы жеңді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға