Жаңалықтар

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: © iStock 08.01.2024 09:40 1114

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт адам жарақат алды. Оқиға Казталов аумағында болған.

Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы жолында «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі жүк көлігін басып озамын деп, қарсы бетке шығып кетіп, «Шевроле Лачети» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды. Түрлі жарақат алған төрт адам Казталов аудандық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлады ведомстводан.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға