Жаңалықтар

БҚО-да Toyota Prado жүк көлігімен соқтығысып, үш адам көз жұмды

БҚО-да Toyota Prado жүк көлігімен соқтығысып, үш адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 25.06.2024 00:13 1034

Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, жанып кетті. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болды.

Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға