Жаңалықтар

БҚО-да су тасқынының алдын алу және құтқару жұмыстары жалғасуда

БҚО-да су тасқынының алдын алу және құтқару жұмыстары жалғасуда
Фото: ortcom.kz 17.04.2024 06:24 323

БҚО-да су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы облыстық ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, өңірде ағын судың келуіне байланысты 6 аудан мен қалада жергілікті жердегі төтенше жағдай жарияланған болатын. Бүгінгі таңда жалпы саны 13 732 адам эвакуацияланды. Оның 2300-і эвакуациялық пункттерде, қалған 11 432-сі туған-туысқандарының үйлеріне орналасты.

Облыста 17 эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр, 24 жолды шайып кету оқиғасы қатаң бақылауда.

Қазір облыс бойынша еріген қар суынан келетін қауіп жоқ. Басты қауіп - Жайық өзені су деңгейінің көтерілуі болып отыр. Соңғы тәулікте оның су деңгейі 7 м 77 см көтерілгені байқалды. Ал қауіпті деңгейі 8 м 50 см болып есептеледі. Сол себепті Жайықтың бойында орналасқан елдімекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстары атқарылуда. Дамбыларды нығайту, Жайықтың жағасын көтеру, биіктету және қапшықтар төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілуде, - деді  ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға