Жаңалықтар

БҚО-да қардың еріген суы екі жолды шайып кетті

БҚО-да қардың еріген суы екі жолды шайып кетті
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті 25.03.2024 22:05 441

Батыс Қазақстан облысында қалың қардың еруінен аудандық маңызы бар екі автожолды су шайып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округіндегі Әтібек қыстауында аудандық маңызы бар «Жұбан-Сайқұдық» автожолының 7-ші шақырымын су шайған.

Бұл жерде 1000 мм-ден 3 су өткізгіш құбыры бар. 2023 жылы инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 1 су өткізгіш құбыр қосымша орнатылды. Учаске лента және жол белгілерімен қоршалған. Бұдан өзге Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округіндегі “Жәнібек-Таловка-Кіші өзен” аудандық маңызы бар автожолдың 3 ойпатты учаскесін су шайған. Апаттан көлік қозғалысына нұқсан келген жоқ. 

Екі оқиғада да елдімекендерге қауіп төнбеген және зардап шеккендер жоқ.

Жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаменті және төтенше жағдайлар бөлімдерінің күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿🚒 БҚО Төтенше жағдайлар департаменті (@batysqaz_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға