Жаңалықтар

БҚО-да браконьерлер ұсталды

БҚО-да браконьерлер ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 07.11.2023 17:39 557

БҚО Бөрлі ауданында көліктен екі қап еліктің еті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 2 қараша күні сағат 20:20 кезінде Утвинка ауылынан 500 метр қашықтықта Toyota Hilux автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктің салонынан бөлшектелген екі қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер тәркіленді. Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың 2 басы, терісі және аяқтары табылды, - делінген мәліметте.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған 2000 ж.т., 1983 ж.т., 1986 ж.т., 1977 ж.т. азаматтар бұл әрекеттерін аң аулауға шыққандарымен түсіндірді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға