Жаңалықтар

БҚО-да әйел күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған

БҚО-да әйел күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған
Фото: polisia.kz 01.03.2024 09:55 873

БҚО-да полиция күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйелді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстың іске асуына жол бермеген.

БҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген, - делінген мәліметте.

Соттың санкциясымен оларға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға