Жаңалықтар

БҚО-да 150-ге жуық киік өлексесі табылды

БҚО-да 150-ге жуық киік өлексесі табылды
Фото: Minecology🇰🇿 20.05.2023 15:51 780

Қазақстан облысындағы киіктердің өліміне қатысты Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 19 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады. Оның 95 пайызы ы төлі, 5 пайызы ұрғашы киіктер. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиус аумақта жатқаны анықталды, - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілген. 

Сынамалар алынғаннан кейін аталмыш өлекселер Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлерімен жойылатын болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға