Жаңалықтар

БҚО-да 11 елді мекенді су басу қаупі бар

БҚО-да 11 елді мекенді су басу қаупі бар
Фото: ҚР ТЖМ 20.04.2024 23:49 376

Батыс Қазақстан облысының 11-ден астам елді мекені Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін
тексерді.

Ведомство басшысы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және тағы басқа ауылдарда болды.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға