Жаңалықтар

БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: gov.kz 17.02.2023 11:24 771

Президенті Әкімшілігі келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Каюпов Тілепберген Ерсайұлы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каюпов Тілепберген Ерсайұлы – 1976 жылы туған. Білімі - жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін «бухгалтер-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
Әр жылдары:
-​Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
-​Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары;
-​Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;
-​Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;
-Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
-Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы болып қызмет еткен.
 
Тілепберген Каюпов стратегия және экономикалық даму, қаржы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек инспекциясы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға