Жаңалықтар

БҚО әкімі орынбасары сотталған кезде неге отставкаға өтініш бермеді?

БҚО әкімі орынбасары сотталған кезде неге отставкаға өтініш бермеді?
Фото: © ОКҚ 14.11.2023 13:16 1124

ОКҚ-да өткен баспасөз қызметінде БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өзінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев қызметін асыра пайдаланып, қылмысқа барғаннан кейін неге отставкаға өтініш бермегеніне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске асала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев қызметін асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлық бойынша сотталған еді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, әкімнің орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда облыс әкімі қызметінен кетуі керек. Осыған қатысты журналистер әкімге сұрақ қойды.

Менің орынбасарым Ержан Балтаев өкілеттігін асыра пайдаланып, өзінің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлықпен айыпталған болатын. Оның осы қылмысқа барған кезі 2023 жылдың ақпан айы еді. Әлеуметтік желіден осындай әңгіме болып жатқанын көрдік. Содан кейін мен кабинетіме орынбасарымды шақырып, мәселені анықтадым. Бұл қаншалықты дұрыс? Осыған жауап беруін сұрадым. Комиссия құрып, қорытындысымен ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын мойындап түсініктеме жазды. Осыған орай мен оны теріс қылықтары үшін жұмыстан босаттым. Яғни, сотқа дейін. Ал өзім отставка туралы ойландым, – дейді облыс әкімі.  

Әкімнің айтуынша, заңға сәйкес егер орынбасарының қылмыс жасаған мерзімі үш айдан асқан жағдайда отставкаға береді. Бірақ орынбасары қылмыс жасаған кезде Нариман Төреғалиевтің әкім болып тағайындалғанына үш ай асқан жоқ еді.

Яғни, бұл үш айдың ішінде болған жағдай. Мен 2022 жылдың желтоқсан айының 2-сінде қызметке келдім. Ал қылмыс жасаған мерзім үш айдан асып кеткен болса, онда мен отставкаға берер едім. Балтаев туралы айтатын болсам,әрине мен үшін өкінішті жағдай. Ол менің қарамағымдағы және ол уақытта бірінші орынбасарым болды. Бірінші орынбасарым осындай өрескел заң бұзушылыққа барғаны мен үшін және өзім басқарып отырған әкімшілік үшін өте ұят іс. Оны біз мойындаймыз, – дейді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Әкім алдағы уақытта мұны болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментпен бірге «Жол картасын» жасағанын айтты. Онымен қоса, осындай сыбайлас жемқорлыққа жақын көбіне қаражат көп жүретін мемлекеттік органдармен бірге бірлескен бұйырық арқылы ішкі аудитті жүргізіліп отыр.

Ішкі аудитті жүргізгеннің нәтижесі бар. Мұның арқасында 2022 жылдардағы білім саласындағы мекемелерге тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде мемлекет қаржысының мұғалімдер мен басқа да қызметкерлерге артық төленгені анықталды, – дейді облыс әкімі.

Естеріңізде болса, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Балтаев биыл тамызда сотталған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға