Жаңалықтар

Бозбаев Баку турнирінде қола медаль үшін күресте есе жіберді

Бозбаев Баку турнирінде қола медаль үшін күресте есе жіберді
Фото: olympic.kz 18.02.2024 20:21 468

Бакуде аяқталған Гранд Слэм турнирінде теміртаулық Ислам Бозбаев қола жүлдеге қол созым қалғанда ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

-100 келіде сынға түскен отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастап, алғашқы белдесуінде кипрлық дзюошыны ұтса, 1/8 финалда бразилиялық Рафаэль Бузагариниді ұтты. Ал ширек финалда грузин балуанынан ұтылып, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Жұбаныш кездесуінде Бозбаев сербиялық Божан Досеннен басым түсті. Ал қола медаль үшін өткен кездесуде нидерландтық Майкл Коррельмен шеберлік байқасып есе жіберді. 

Ислам Бозбаев 2017 жылы Бакуде өткен аталған турнирде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, ол биыл Португалияда өткен Гран При турниріне қатысқан еді.

Сондай-ақ, бүгінгі турнирде 90 келіде белдескен Ермахан Әнуарбеков, Мұхамедәли Мавлидов, -100 келіде Әділет Сапарғалиев, +100 келіде Оразбаев Әділ бірінші айналымда сүрінді. Аса ауыр салмақта татамиге шыққан Еламан Ерғалиев бірінші кездесуінде Сауд Арабиясының өкілін ұтқанымен, екінші белдесуде словениялық қарсыласынан айналсын асыра алмады. Сонымен қоса, әйелдер арасында 78 келіде күрескен Аруна Жангелдина мен Маргарита Гриценко алғашқы айналыммен жарысты аяқталды. +78 келіде Кәмила Берліқаш пен Карина Такиева ширек финалға дейін жеткенімен, жартылай финалға шыға алмады. Ал жұбаныш белдесуінде қарсыластарға жол беріп, Баку турнирін 7-ші орынмен аяқтады.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан дзюдошылары арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова қола медальға қол жеткізді. Ол тура үш апта бұрын Португалияда да үшінші орынға ие болған еді.

Айта кететін жайт, Баку турниріне 62 мемлекеттен 404 дзюдошы қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға