Жаңалықтар

Boxam: Қазақстан боксшыларына қарсылас болатын Өзбекстан құрамасы анықталды

Boxam: Қазақстан боксшыларына қарсылас болатын Өзбекстан құрамасы анықталды
Фото: Olympicboxing.uz 30.01.2024 11:04 804

Бокстан Өзбекстан құрамасы Boxam халықаралық турниріне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ла-Нусиядағы (Испания) турнир 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтеді.

Бұл аламанға Қазақстан, Үндістан, Қытайлық Тайбэй, Филиппин, Қырғызстан және Таиланд секілді Азияның бокс алыптары қатысады.

Сонымен қатар Бахрейн, Бельгия, Хорватия, Англия, Франция, Венгрия, Исландия, Ирландия, Италия, Латвия, Мали, Мексика, Палестина, Польша, Португалия, Пуэрто-Рико, Румыния, Шотландия, Сербия, Словакия, Испания, Тринидад пен Тобаго, Швейцария және Уэльс бақ сынайды.

Өзбекстан бокс федерациясы құрама үшін бұл жарыс Париж олимпиадасына іріктеу турнирі алдындағы соңғы дайындық кезеңі болатынын алға тартады.

Өзбекстан қазір Испанияда.

Боксшылар құрамы мынадай:

63,5 кг - Руслан Абдуллаев
63,5 кг - Мужибилло Турсунов
71 кг - Асадхужа Муйдинхужаев
71 кг - Хавасбек Асадуллаев
80 кг - Турабек Ҳабибуллаев
80 кг - Жасурбек Юлдошев
92 кг - Лазизбек Мулложонов
92 кг - Шохжахон Абдуллаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға