Жаңалықтар

«Борат» фильмінің кесірінен»... Әйгілі 50 Cent-тің басы дауға қалды

«Борат» фильмінің кесірінен»... Әйгілі 50 Cent-тің басы дауға қалды
Фото: instagram.com/50cent 29.11.2023 16:29 1116

Кеше Алматыда әлемдік жұлдыз 50 Cent-тің концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Концертте 2000 жылдардағы Candy Shop, P.I.M.P, In da club, Ayo Technology секілді әндер орындалды. Репердің өзі де Алматыдағы кештен ерекше әсер алған секілді. Дегенмен ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оңтүстік астанаға, келген тыңдармандарына алғысын жеткіземін деп басы дауға қалды.

Алматы, Қазақстан, жандырды! «Борат» фильмінің кесірінен менің не туралы айтып тұрғанымды түсінбеуіңіз мүмкін. Мен – ғаламдықпын, - деп жазды репер.

Мақтау айтамын деген әншінің бұл жазбасы қазақстандықтардың ашуын туғызды. Жұлдыздың бұл фильмді елімізбен байланыстырғаны көпшіліктің наразылығын оятты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 50 Cent (@50cent)

Оқырмандар әншіден көңіл қалғанын, ол актердің де, фильмнің де Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ екенін жазуда. Оның бұл жазбасының астында 3,5 мыңға жуық пікір жазылған. 

«Борат» фильмінің кесірінен»... Әйгілі 50 Cent-тің басы дауға қалды

«Борат» фильмінің кесірінен»... Әйгілі 50 Cent-тің басы дауға қалды

«Борат» фильмінің кесірінен»... Әйгілі 50 Cent-тің басы дауға қалды

«Борат» фильмінің кесірінен»... Әйгілі 50 Cent-тің басы дауға қалды

Дегенмен әнші көп ұзамай тағы концерттен тағы бір видео салып, Алматыға деген сезімін жеткізді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 50 Cent (@50cent)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға