Жаңалықтар

Болат Сақаев әлем чемпионатының жүлдесінен тыс қалды

Болат Сақаев әлем чемпионатының жүлдесінен тыс қалды
Фото: Ашық дереккөзден 18.09.2023 22:41 585

Сербияда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Болат Сақаев қола жүлде үшін белдесуде есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, қола жүлде үшін күресте Украина балуаны Василь Михайловтан айласын асыра алмады.

Кездесу нәтижесі 3:1 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. Осылайша Болат Сақаев әлем чемпионатының жүлдесінен тыс қалды. 

Ол іріктеу кезеңдерінде Канада спортшысын 12:1 есебімен ұтса, екінші айналымда болгар балуанын 7:0 есебімен қапы қалдырды. Ал ширек финалда грузиялық Владимир Грамкеридзеге жол беріп, кейін қарсыласы финалға шыққанда жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға