Жаңалықтар

Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні айтылды

Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні айтылды
Фото: Болат Назарбаев 13.11.2023 12:32 2542

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болат Назарбаев есін жиған кезде оны марқұм ата-анасының жанына, яғни, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерлеуді өтінді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын жерлеу орны ашық болған, қазір ол қоршалған, сондай-ақ стационарлық бекет орнатылған.

Айта кетейік, бүгін Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды Айдос Үкібай.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты.  Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға