Жаңалықтар

Болашақта адамдар аптасына үш күн ғана жұмыс істейді – Билл Гейтс

Болашақта адамдар аптасына үш күн ғана жұмыс істейді – Билл Гейтс
Фото: © AP/Nati HARNIK 27.11.2023 12:20 1587

Миллиардер Билл Гейтс болашақта жасанды интеллект адамдарға аптасына үш күн ғана жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық бизнесменнің сөзіне қарағанда, жасанды интеллект жұмыста адамды толық алмастыра алмағанымен, өмірді жеңілдетуге септігін тигізеді.

Ойланып қарайтын болсақ, өмірдің мәні тек жұмыс істеу еместігін түсінесің. Ерте ме, кеш пе, аптасына үш күн ғана жұмыс істеуге келеміз – бұл қалыпты жағдайға айналады. Әлем өзгеріп жатыр. Әзірге бұл процесс ақырын жүріп жатқанымен, өзгеріс тоқтамайды. Атаңыз фермадағы ауыр жұмыссыз өмірін елестете алмайтын, ал әкеңіз бірнеше саланы қатар алып жүрген болуы мүмкін. Нәтижесінде қазір америкалықтардың 2% ғана ауыл шаруашылығымен айналысады, - деді ол.

Дегенмен Гейтс үш күн ғана жұмыс істейтін адамдар аптаның қалған төрт күнін қалай өткізеді деген сауалға жауап бере алмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға