Жаңалықтар

Болашақ жолшылар көлік саласы субъектілерінің өкілдерімен кездеседі

Болашақ жолшылар көлік саласы субъектілерінің өкілдерімен кездеседі
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 16.12.2023 01:34 644

Көлік саласында кәсіби кадрларды даярлау мақсатында әрі көлік министрінің еліміздің оңтүстік астанасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Көлік министрлігі биыл 21 желтоқсанда Алматы қаласында студенттер мен көлік саласының субъектілері арасында кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Логистика және көлік Академиясы, Азаматтық авиация академиясы, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Almaty Management University, ҚБТУ жанындағы Қазақстан Теңіз академиясы студенттері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, ҚазжолҒЗИ, Қазавтожол, әуежайлар, авиакомпаниялар, теңіз порттарының өкілдерімен кездеседі.

Аталған іс-шара аясында аталған жоғары оқу орындарының студенттері саланың тәжірибелі мамандарымен идеялары және технологиялық әзірлемелерімен бөлісіп, өз жобаларын таныстыра алады. Сондай-ақ іс-шара бағдарламасы шеңберінде көлік саясатын іске асыру мәселелері бойынша пікірталастар ұйымдастыру қарастырылған.

Бұл кездесу студенттерге өзекті мәселелерді талқылау және болашақ ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер табу үшін көлік ұйымдарымен кездесуге мүмкіндік бере отырып, білім мен бизнес арасында көпір құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Айта кетерлігі, көлік саласы үшін кадрлар даярлау процесі Қазақстанның көлік жүйесін кадрлық және инновациялық дамытудың негізі болып табылады. Өйткені қазіргі таңда көлік саласындағы білікті кадрлар тапшылығы мәселесі өзекті мәселеге айналуда.

Жалпы алғанда, көлік саласының мамандарына деген қажеттілік 9 мың 800 адамды құрайды. Ал бүгінде аталған мамандық бойынша небары 2 500 студент білім алуда, оның ішінде 1730-ы грантта оқиды. Жолшы мамандығы бойынша жыл сайын 600-ден астам студент диплом алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға