Жаңалықтар

Болашақ ұшқыштар парашютпен секіру техникасын меңгерді

Болашақ ұшқыштар парашютпен секіру техникасын меңгерді
Фото: Қорғаныс министрлігі 25.02.2024 01:20 451

Аязға қарамастан, 4 курс курсанттары мен Әуе қорғанысы күштері әскери институтының парашютпен секіру командасы биылғы жылғы алғашқы секірулерін орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Парашютпен секіру – ұшқыштар дайындайтын оқу орнының курсанттарын даярлаудың ажырамас бөлігі. Іс-шаралар институттың оқу авиациялық орталығының парашюттік-десанттық және іздестіру-құтқару қызметі мамандарының басшылығымен өтеді. 

Нақты жағдайда ұшқыш әуе кемесін тастап, секіруі қажет. Сондықтан курсант-ұшқыштар секіру ережесі мен құтқару парашютімен қону тәртібін меңгеруі тиіс. Әскери тағылымдамадан өту үшін авиациялық базаларға жіберілгенге дейін олар міндетті түрде осындай тәжірибеден өтуі тиіс, – деді оқу авиациялық орталығының парашюттік-десанттық және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы майор Александр Демченко.

Практикалық сабақтардың алдында міндетті түрде жерде дайындық өтеді. Курсанттар мен парашютшілер орын алуы мүмкін күтпеген жағдайларды пысықтап, теорияда секіру техникасын қарастырды.

Курсанттар 800 метр биіктіктен, D-1-5у парашюттерімен секіруді орындады. Тәжірибелі парашютшілер арнайы мақсаттағы парашют жүйелерін пайдаланып, қону дәлдігін анықтап, 1500 метр биіктіктен секірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға