Жаңалықтар

"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды

ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды
"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды
Фото: kazaknews.kz 11.01.2023 13:28 952

2023 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі биыл 27 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Конкурстық іріктеу 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға