«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау аяқталуға жақын: өтінім берудің соңғы күні белгілі болды

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау аяқталуға жақын: өтінім берудің соңғы күні белгілі болды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерден құжат қабылдау жалғасуда. Өтінімдерді 2026 жылғы 16 қазанға дейін тапсыруға болады.

Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, үміткерлер өтінімдерін eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Ал конкурсқа қатысу талаптары, басым мамандықтар тізімі және бағдарламаға қатысатын шетелдік жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат Bolashak.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Сонымен қатар, шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа құжат қабылдау 2026 жылғы 30 қазанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, биыл «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 16 наурызда басталған. 2026 жылы бағдарлама аясында барлығы 635 стипендия бөлінген.

Оның ішінде:

  • Бакалавриатқа – 20 стипендия;

  • Магистратураға – 400 стипендия;

  • Докторантураға – 50 стипендия;

  • Тағылымдамадан өтуге – 165 стипендия.

Оқи отырыңыз