Жаңалықтар

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 22.06.2023 23:31 672

182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді, - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға