Жаңалықтар

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 31.08.2023 15:30 792

Республикалық комиссияның шешімімен биылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше,138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

Еске сала кетсек, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау 4 лекке бөлінген. Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.

Стипендия иегерлерінің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға