Жаңалықтар

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: stan.kz 28.12.2022 16:22 1489

Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

2023 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға