Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Олжас Сәкенов халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Олжас Сәкенов «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Пенсильвания университетінің магистратурасында «Халықаралық білім беруді дамыту» мамандығы бойынша білім алған.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Олжас Сәкеновтің «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында, білім беру саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ның инвестициялық жобалар орталығын басқарды. Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында қызмет атқарды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығына жаңа басшы келді
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?