Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасында техникалық мамандықтарға грант саны екі есе артты

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасы төрағасы айтты
«Болашақ» бағдарламасында техникалық мамандықтарға грант саны екі есе артты
Фото: turkystan.kz 16.11.2022 17:04 1410

«Болашақ» бағдарламасы бойынша инженерлік және техникалық мамандықтарға берілетін гранттар саны 36%-дан 60% дейін ұлғайтылды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасы төрағасы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Биыл «Болашақ» бағдарламасының ЖОО тізіміне 23 жетекші әлемдік техникалық университет енгіздік. 26 мемлекеттің 236 университеті қарастырылған. Техникалық мамандықтардың тізіміне 40 жаңа мамандықты енгіздік», - деді ол.

Биыл 14 қазанда «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсырғандардың басым бөлігі техникалық-инженерлік бағыттағы мамандықтарды таңдағанын атап өтті.

«Алдағы уақытта инженерлік-техник мамандары үшін арнайы жеңілдік енгізіледі. Ендігіде техникалық мамандыққа құжат тапсырғанда университеттен шақырту алу міндетті болмайды», - деді Әнуар Жанғозин.

 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша мынадай талаптар қарастырылады:

  • KazTest бойынша В1деңгейін дәлелдейтін сертификат болу керек;
  • Шет тілі бойынша кемінде орташа деңгейін дәледейтін Халықаралық сертификаттың болуы керек;
  • Диплом бойынша орташа балы GPA 4, кем дегенде 3 болуы керек;

 

«Осындай талаптарға сай келетін үміткерлер конкурсқа қатысып, Болашақ стидендиясына ие болу үшін мүмкіндіктер қарастырылды. Техникалық мамандар университетке емес, «Болашақ» стиендиясына түссе, оларға арнайы тілдік курстар ұйымдастырылады. Курс арқылы тіл білу деңгейін арттырған соң, қалаған университетіне оқуға бара алады», - деді Әнуар Жанғозин.

Сонымен қатар, техникалық мамандықтармен қатар, медициналық мамандықтарға да жеңілдік қарастырылатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға