Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында кімдер сынға түседі

Ертең бокстан 22 жасқа дейінгі және жастар арасындағы Азия чемпионаты (ASBC) басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шри-Ланка астанасы Коломбода өтетін дүбірлі додада Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы барлық салмақта толық құрамда бақ сынайды. 2 аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесінде 23 елдің спортшылары өзара мықтыны анықтайды.
Айта кету керек, U-22 құрамасының бапкер әрі кеңесшісі – Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев. Оның шәкірттері – 2003, 2004, 2005 және 2006 жылдары өмірге келген жас былғары қолғап шеберлері. Әйелдер құрамасын ұлттық құрама бапкері Елдос Сайдалин бастап барды. Ал жастар құрамаларына (2007–2008 жылы туғандар) белгілі спорт шеберлері, бүгінде жаттықтырушылар қатарында жүрген Максат Бақтыбазаров пен Жангелді Ахметов жетекшілік етеді.
Азия чемпионаты 12–24 мамыр аралығында өтеді. Финалдық жекпе-жектер 22 және 23 мамыр күндеріне жоспарланған. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан 1 000 АҚШ доллар, күміс жүлдегерлер – 500, ал қола медаль иегерлері – 250 доллардан сыйақы алады.
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан U22 ерлер құрамасы:
48 келі. Тілеуберді Сулеймени
51 келі. Диас Берікбай
54 келі. Кенже Мұратұлы
57 келі. Жасурбек Анорбаев
60 келі. Нұрислам Қалдыбаев
63.5 келі. Сералы Жолмағанбет
67 келі. Бақтияр Анарбаев
71 келі. Ағажан Қадыр
75 келі. Аман Қонысбеков
80 келі. Бақберген Алиасқаров
86 келі. Ибрагим Бетаев
92 келі. Азатбек Жолдасхан
+92 келі Ерсұлтан Сапар
Аға бапкер - Бақыт Сәрсекбаев
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан U22 әйелдер құрамасы:
48 келі. Ақбота Болат
50 келі. Гүлнар Тұрапбай
52 келі. Томирис Мырзақұл
54 келі. Элина Базарова
57 келі. Виктория Байдукова
60 келі. Анар Тұрсынбек
63 келі. Аружан Жаңабаева
66 келі. Ұлдана Таубай
70 келі. Бақыт Сейдіш
75 келі. Шұғыла Нәлібай
81 келі. Жібек Жарасқызы
+81 келі. Әсел Тоқтасын
Бас бапкер - Елдос Сайдалин
Бұдан бөлек, 2007–2008 жылы туған жастар құрамаларына Максат Бақтыбазаров пен Жангелді Ахметов жетекшілік етеді.
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасы:
48 келі. Нұрхан Құмарбеков
51 келі. Досымжан Таңатар
54 келі. Алдияр Бахадүр
57 келі. Нығман Нығмет
60 келі. Әділет Тортубек
63.5 келі. Мұхит Нұрқабылұлы
67 келі. Сұлтан Тұрдалы
71 келі. Бекарыс Нұрмұқан
75 келі. Жасұлан Бердалы
80 келі. Игорь Соловьёв
86 келі. Нұрсұлтан Қыстаубай
92 келі. Расул Асанханов
+92 келі. Бексұлтан Қайратұлы
Аға бапкер - Мақсат Бақтыбазаров
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар (қыздар) құрамасы:
48 келі. Айым Тәңкібаева
50 келі. Сила Биболсынқызы
52 келі. Рахмина Абдумежитова
54 келі. Жанель Имантаева
57 келі. Ақнұр Тұрсынғали
60 келі. Толғанай Қасымхан
63 келі. Алина Құдайгенова
66 келі. Ақбота Есімбекова
70 келі. Мария Сидоренко
75 келі. Зарина Толыбай
81 келі. Құралай Егінбайқызы
+81 келі. Сабина Жақсылық
Аға бапкер - Жанкелді Ахметов.
