Жаңалықтар

Бокстан Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында бапкерлер ауысты

Бокстан Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында бапкерлер ауысты
Фото: ҚР ҰОК 04.04.2024 15:13 541

Бокстан Қазақстан жастар командасының бапкерлер құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Федерация баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалды.

Ол бұл міндетті атқарған Әділ Басығараевты алмастырды. 

Қайрат Сәтжанов еңбек жолында жасөспірімдер командасынан бөлек, бас құраманы да жаттықтарған. Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандық боксшылар Сербияда өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. 

Қыздар командасында да бапкерлер ауысты. Қыздар арасындағы жастар құрамасына Жангелді Ахметов аға бапкер болып тағайындалды. 

Сонымен қатар, бокстан Қазақстан жасөспірім ұлдар командасына Мақсат Оспанов, жасөспірім қыздар командасына Айбек Әбілдә жетекшілік етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға