Жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы рейтингте көш бастады - Кеңес Рақышев

Бокстан Қазақстан құрамасы рейтингте көш бастады - Кеңес Рақышев
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 29.05.2023 18:21 689

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы көш бастады. Осы жетістіктің басты себепшісі спортшыларды Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

IBA сайтында осы спорт түріндегі үздік елдердің жаңартылған рейтингісі жарияланды. Қазақстан көш басындағы жеке дара орнын сақтап қалды! Осыған орай, мен елімізді осындай ерекше жетістікпен құттықтаймын. Бұл спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, мемлекетіміздің, федерацияның және әрине жанкүйерлеріміздің ортақ жеңісі. Ең бастысы, біз еліміздің, халқымыздың сенімін ақтадық. Біздің міндетіміз - Қазақстанның көк туын ең ірі халықаралық ареналарда  биікке көтере беру!, - дейді Кеңес Рақышев.

Айта кетейік, көш басында тұрған Қазақстан құрамасында 81 мың ұпай бар. Ал рейтингтің екінші сатысына Өзбекстан жайғасқан. Көрші ел 60 800 баллға ие. Үздік үштікті 58 050 ұпаймен Ресей қорытындылады. Сонымен қатар үздік ондықтың қатарында Үндістан, Куба, Бразилия, Италия, Түркия, Мексика және АҚШ бар.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға