Бокстан ел чемпионаты: Назым Қызайбай финалда жеңіліп қалды

Бокстан ел чемпионаты: Назым Қызайбай финалда жеңіліп қалды
Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҰОК

Таразда бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

 6 қарашада күндізгі сессияның қорытындысы бойынша алғашқы жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Жарыс күнінің бас сенсациясы әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тіркелді. Осы салмақтағы ақтық сында Элина Базарова Назым Қызайбайдан басым түсті. Осылайша, атақты боксшы ару күміс жүлдені місе тұтты. 

Айта кетерлігі, Назым Қызайбай 51 келіден 54 келі салмақ дәрежесіне ауысқан-ды. Осы санатта бірнеше әлемдік жарысқа қатысып үлгерді. Жапонияда өткен Азия ойындарының 1/8 финалында қытайлық Чжао Сюаньмен кездесіп,  4:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Жарыс қорытындысы

Гүлназ Бөрібаева (48 келі), , Элина Базарова (54 келі), , Виктория Графеева (60 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Санжар-Әли Бегалиев (80 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дәулет Төлемісов (90 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Диас Берікбай (50 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Бибарыс Жексен (60 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (70 келі), Аружан Жаңабаева (70 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Оқи отырыңыз