Жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына 3 қола түсті

Таиланд астанасы Бангкок қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр
Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына 3 қола түсті
Фото: olympic.kz 23.01.2023 20:25 1100

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық үш боксшы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ерасыл Жакпеков 80 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Джасурбек Юлдошевпен жұдырықтасып, оны екінші раундта нокдаунға жібергенімен, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Сөйтіп ол қола жүлдемен шектелді.

Сондай-ақ 92 келіге дейінгі салмақта рингке шыққан Ерхат Бекзат өзбекстандық Нусратбек Тохировке есе жіберді – 0:5.

Аса ауыр салмақта Аманат Сабырғали тағы бір өзбекстандық Джахонгир Зокировпен шеберлік байқасты. Екінші раундта Аманат дәл соққы алып, рефери есеп ашты. Ақыры төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс өзбекстандық боксшының еншісінде кетті.

Осылайша, боксшыларымыздың үшеуі де өзбекстандықтардан ұтылып қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға