Бокстан әлем чемпионының әкесі тікелей эфирде блогерге бөтелке лақтырды

 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлем чемпионы Тайсон Фьюридің әкесі Джон Фьюри ұлының тарапына айтылған сынға ашуланып, тікелей эфирде дау шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келеңсіз жайт кәсіпқой боксшы Томми Фьюридің жекпе-жекке дайындығы аясында өткен ашық жаттығуы аясында болды.

Ресми іс-шара кезінде KSI лақап атымен танымал YouTube-блогер Оладжиде Олайинки Уильямс Олатунжи Томмиге тілшілер қойған сауалдарға жауап беруге кедергі келтіре берді, блогердің бұл әрекеті былғары қолғап шеберінің әкесінің ашуын тудырғаны анық. Видеодан Джонның KSI-ге қарай пластик бөтелке лақтырғанын, сонан соң екеуі сөзге келіп қалғанын көруге болады.

Оқи отырыңыз