Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионы енді футбол клубында өнер көрсетеді

Бокстан әлем чемпионы енді футбол клубында өнер көрсетеді
Фото: instagram.com/usykaa 20.07.2023 14:00 480

Аса ауыр салмақта WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усик «Полесье» футбол клубының (Житомир) ойыншысы атанды. Бұл туралы украин клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Биыл «Полесье» Украина Премьер-лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Ал 36 жастағы боксшы бір жылға келісімшартқа отырды, ол 17-нөмірмен ойнайтын болады.

Усик 26 тамызда Польшаның Вроцлав қаласында жекпе-жек өткізетінін айта кетейік. Оның қарсыласы – британ Даниэль Дюбуа.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға