Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов жыл үздігі атанды

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов жыл үздігі атанды
Фото: facebook.com/akimatTaraz 27.12.2023 06:40 777

Жамбыл облысында «Жыл үздігі – 2023» спорттық номинациясы жеңімпаздарын марапатталды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдегі дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына қосқан үлесі мен жетістігі үшін бірқатар азаматтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хатқа ие болды. 

Аймақ басшысы өз сөзінде қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқанын атап өтіп, бірқатар көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.

Айта кетейік, облыс спортшылары ағымдағы жылы республикалық және халықаралық байрақтарда 1 600-ге жуық медальға ие болды. Бүгінде 805 жамбылдық спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командалары сапында өнер көрсетеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста бұқаралық спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде.

2023 жылдың қорытындысымен облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың қатары 492 мың адамға (40,3%) жетті.

Биыл өңірде 22 спорт кешенінің құрылысы қолға алынды десек, оның 10-ны пайдалануға берілген, қалған 12-сі келер жылы аяқталады деп күтілуде.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға