Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері грантқа ілікпей қалған

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері грантқа ілікпей қалған
Фото: facebook.com 08.08.2023 18:10 699

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Дана Дидай грантқа ілікпей қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Былғары қолғап шебері құжатын Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясына тапсырған. Дегенмен тегін білім алатындар тізіміне енбеген. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов айтты.

Ал оқу ақысы жылына 750 мың теңге. Мұны төлеу спортшыға оңай емес. 

Дана өмір бойы бокспен айналысып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Спорт шебері деген атағы бар. Сөйте тұра дене шынықтыру бағытында академияда білім ала алмайды. Ақылы негізде оқуға болады. Жылына 750 мың төлеу керек екен. Енді «мен әрі қарай жаттығуымды жалғастырамын ба, әлде ақша табудың амалын іздеймін бе?» деп жанайқайын жеткізіп жатыр. Обал. Тікелей грант болмаса да, әртүрлі баламалары болатын еді ғой. Әкімнің гранты, ректордың гранты деген сияқты. Осы жағдай және осындай жағдайлар спортшылардың жетістігі ескеріле отырып, оң шешімін табады деген үміттемін, - деп жазды Қаженов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға