Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: ұлттық құрама капитаны финалға шықты

Бокстан әлем чемпионаты: ұлттық құрама капитаны финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 12.05.2023 21:04 2353

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ерлер арасындағы сында тағы бір қазақ боксшысы финалға шықты. Ол – құрама капитаны Асланбек Шымбергенов. 

Отандасымыз тартысты өткен кездесуде үндістандық Дев Нишантты 3:2 есебімен жеңді. Осылайша құрама сапынан төртінші былғары қолғап шебері финалға өтті.

Бұл – Асланбектің спорттық карьерасындағы әлем чемпионатының алғашқы финалы.

Бұған дейін үш қазақ боксшысы финалға шыққан. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі).

Сонымен қатар жанкүйерлер 80 келіде Нұрбек Оралбайдың айқасын тамашалайды.

Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске – 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі. Ал Қазақстан бокс федерациясының отандық боксшылардан жеңімпаз атанғанына 100 мың доллар береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға