Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: тоғызыншы күннің жарыс кестесі

Бокстан әлем чемпионаты: тоғызыншы күннің жарыс кестесі
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 09.05.2023 08:25 2366

Бүгін, 9 мамырда, Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бес спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 кг) Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жекпе-жек өткізеді. Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) түрік Каан Айкутсунмен өзара кім мықтыны анықтайды.

Сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда үш боксшымыз өнер көрсетеді. Бірінші жұпта Махмұд Сабырхан (54 кг) Сачин Сивачпен бокстасса, Дулат Бекбауов (67 кг) Үндістанның тағы бір өкілі Акаш Сангванмен жұдырықтасады. Нұрқанат Райыс (75 кг) бразилиялық боксшы Вандерлей Перейрамен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға